Күршім ауданы жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету 2024 жылғы есебі
2023 жылы 2805 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 2583 қызмет, заңды тұлғаларға – 222.
Қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 565 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 521 қызмет, заңды тұлғаларға-44.
Қағаз түрінде мемлекеттік корпорация арқылы – 134 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 133 қызмет, заңды тұлғаларға – 1.
Электрондық түрде: 2106 қызмет (жеке тұлғаларға – 1929 қызмет, заңды тұлғаларға – 177), оның ішінде: электрондық түрде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 504; электрондық түрде «Е-лицензиялау» МДБ веб-порталы арқылы - 1297 қызмет, оның ішінде жеке тұлғаларға – 1120, заңды тұлғаларға – 177.
Электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 305 қызмет, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз - 36 қызмет, тікелей байланыс арқылы – 269.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
Күршім ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау Қағидаларының 41-тармағына сәйкес бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2024 жылы 7 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Ішкі мемлекеттік бақылаумен 7 жергілікті атқарушы орган қамтылды. Бақылау іс-шаралары барысында анықталған бұзушылықтар 58, оның ішінде:
- мемлекеттік қызмет көрсетуде бизнес-процесстердің бұзылуы- 50;
- басқа да бұзушылықтар -6;
- жұмыс кестесінің бұзылуы-2;
Жергілікті атқарушы органдардың (облыс әкімінің аппараты, қалалар, аудандар әкімдіктері, мемлекеттік қызметтер көрсететін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар облыстық басқармалар) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2024 жылға арналған жоспарлары әзірленіп, бекітілді. Бақылау объектілерін бақылау іс-шараларының жоспарына енгізу туралы шешім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының ішкі мониторингінің қорытындылары бойынша қабылданады (Мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту фактілерін анықтау, мерзімдерді бұзу, Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлардың болуын талдау, Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды талдау, деректерді уақтылы енгізу мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау және т.б.).
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін жетілдіру, оның ішінде оларды автоматтандыру, оңтайландыру және электрондық түрге көшіру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтердің 66 түрі көрсетіледі және ол мемлекеттік қызметтердің 132 ішкі түріне бөлінеді, оның ішінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 60 түрін немесе 92% көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушыларға олардың санын, себептерін және олар бойынша қабылданған шараларды көрсете отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы ақпарат
2024 жылы мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар арқылы 216 негізделген бас тарту тіркелді (216 – жеке тұлғалар), оның ішінде: электрондық түрде – 121, қағаз түрінде – 18, Мемлекеттік корпорация арқылы-37, ақпараттық жүйелер арқылы-40.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына белгіленген мерзімдерді бұза отырып, есепті кезеңде қаралған шағымдар, олардың саны, себептері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат
2024 жылғы «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы Күршім ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардың атынан шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттырудан өткен тұлғалар туралы ақпарат
Әкім аппаратының персоналды басқару бөлімінің 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес 4 мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курсына қатысты.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шаралары туралы ақпарат
Күршім ауданының жергілікті атқарушы органдары тұрақты негізде электрондық нысанда қызметтер көрсетуді (БАҚ-та электрондық қызметтерді танымал ету, брошюралар тарату, халық көп жиналатын жерлерде бейнероликтер тарату, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу және т.б.) танымал ету жөнінде шаралар қабылдайды. 2024 жылы 4322 адамды қамти отырып, 8 түсіндіру іс - шарасы өткізілді, оның ішінде «Электрондық үкімет» порталының жұмысын насихаттау мақсатында 2024 жылы Instagram тікелей эфирінде ауданның жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 8 онлайн-жәрмеңке өткізілді.
«Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары арқылы 2024 жылы 440 қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша заңнаманы сақтау, бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу мақсатында жұмыстар жалғастырылатын болады.