Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері болашақ сайлаушылармен – Н.Островский атындағы №1 Күршім орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Конституциялық таңдау және сайлану құқығы» атты кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – сайлау мәдениетін арттыруға ықпал ету, жас сайлаушыға сайлау процесінің мәнін жеткізу.
Сайлау заңнамасының негіздері түсіндірілді, презентация ұсынылды, сайлау заңнамасының мәселелері бойынша «Не? Қайда? Қашан?» викторина өткізілді. Сондай-ақ, орта мектеп оқушылары «Егер мен болсам...» атты пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, өздерін халықтың сайланған өкілдері ретінде болды.