Дүниежүзілік сайлау күніне арналған кездесу

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері Күршім №3 гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен «Конституциялық таңдау және сайлану құқығы» атты кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – сайлау мәдениетін арттыруға ықпал ету.

Сайлау заңнамасының негіздері түсіндірілді, презентация ұсынылды, сайлау заңнамасының мәселелері бойынша «Не? Қайда? Қашан?» викторина өткізілді. Сондай-ақ, болашақ сайлаушылар «Егер мен болсам...» атты пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.

 

Дата публикации
04 февраля 2025