Күршім ауданы бойынша 2025 жылға ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы

Күршім ауданы бойынша 2025 жылға ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы

 

 

Күршім ауданы бойынша 2025 жылға  ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шаралары келесі салалар бойынша жоспарланған:

Тұрғын үй сатып алуға 21 маманға 190 702,0 мың теңге бюджеттік кредиттер, оның ішінде:

  • білім саласы бойынша 10 маманға;
  • денсаулық сақтау саласы бойынша 5 маманға;
  • әлеуметтiк қамсыздандыру саласы бойынша 1 маманға;
  • мәдениет саласы бойынша 1 маманға;
  • спорт саласы бойынша 2 маманға;
  • агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 1 маманға;
  • ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 1 маманға жоспарланған.

Сонымен қатар 50  маманға 19 660,0 мың теңгеге көтерме жәрдемақы, оның ішінде:  

  • білім саласы бойынша 20 маманға;
  • денсаулық сақтау саласы бойынша 15 маманға;
  • әлеуметтiк қамсыздандыру саласы бойынша 2 маманға;
  • мәдениет саласы бойынша 2 маманға;
  • спорт саласы бойынша 6 маманға;
  • агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 2 маманға;
  • ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 3 маманға жоспарланған.

 

Көтерме жәрдемақы мөлшері – 100 АЕК – 393 200 теңге,

 

Бюджеттік несие мөлшері:

- ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2500 АЕК – 9 830 000 теңге;

- ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2000 АЕК – 7 864 000 теңге.

 

Дата публикации
30 декабря 2024