"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 428 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 қарашада № 35384 болып тіркелді
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережесінің 15 тармағының 229-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
5) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) электрондық өтініш – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
7) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1) Мемлекеттік корпорация;
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы ұсынады.
Өтінішті үшінші тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорация қызметкері цифрлық құжаттарды құжат иесінің порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен берілген келісімі болған кезде іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге талаптардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар туралы мәлеметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сұрау салу көмегімен "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке құжаттар қоса беріледі.
көрсетілетін қызметті берушіде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;
порталда – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушыдан тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы электрондық қолхат береді, онда қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетіледі, өтініш берушінің жүгінуі бойынша қолхат қағаз форматта беріледі.
Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-мен электрондық өтінішті куәландырады.
Көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүгінген кезде өтініштен алынған деректер автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі.
Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК 74-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", жеке өзіне не 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
|
|
Нысан |
||
|
|
__________________________ басшысына (органның атауы) Қорғаншы/қамқоршы_________________ ____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________ мекенжайы бойынша тұратын телефон___________________________________ |
||
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру үшін өтініш
Сізден (қажетін таңдау):
- қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға шот ашуға (жабуға), карта мен пин конвертті алуға, сондай-ақ ________________________ ағымдағы және карточкалық шоттарды пайдалануға, оның ішінде_________________________ келіп түскен зейнетақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша операцияларды жүргізуге,
-_____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуына байланысты ________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
____________________________________________________________________ (мұраға құқығы туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі)
мұраға қалдырылған мүлікке билік етуге;
- қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі
____________________________________________________________________
(техникалық паспорт, техникалық құралдарға иелік құқығын дәлелдейтін құжат)
көлік құралына қатысты мәмілені жүзеге асыруға;
- ___________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беруге, шарттарды бұзуға) мүлікке билік етуге;
- қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі __________________________________________________ мекенжайы бойынша ораналасқан мүлікті (немесе мүліктің _____ үлесін) иеліктен шығаруға;
- ______________________________________________ мүлікке қатысты:
қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі _______________________________________ мекенжайы бойынша ораналасқан
мүлікті кепілге қоюға рұқсат сұраймын.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің және қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеген адамның дербес деректерін жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
20__жылғы "___" __________ _______________________
(өтініш берушінің қолы)
|
|
Қазақстан Республикасы |
Нысан
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беруүшін өтініш
Сізден (қажетін таңдау):
- қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға шот ашуға (жабуға), карта мен пин конвертті алуға, сондай-ақ ________________________ ағымдағы және карточкалық шоттарды пайдалануға, оның ішінде_________________________ келіп түскен зейнетақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша операцияларды жүргізуге,
- _____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуына байланысты _______________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан __________________________________________________________
(мұраға құқығы туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі)
мұраға қалдырылған мүлікке билік етуге;
- қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі
____________________________________________________________________
(техникалық паспорт, техникалық құралдарға иелік құқығын дәлелдейтін құжат)
көлік құралына қатысты мәмілені жүзеге асыруға;
- ___________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беруге, шарттарды бұзуға) мүлікке билік етуге;
- қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі __________________________________________________ мекенжайы бойынша ораналасқан мүлікті (немесе мүліктің _____ үлесін) иеліктен шығаруға;
- ___________________________________________мүлікке қатысты:
қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі _______________________________________ мекенжайы бойынша ораналасқан мүлікті кепілге қоюға рұқсат сұраймын.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің және қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеген адамның дербес деректерін жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
ұялы телефоны _______________ E-mail ______________________________
тұрғылықты мекенжайы__________________________________________
ЭЦҚ _____________________________________________________
Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты: _______ жылғы ____._____________. сағат ____ минут ____секунд ____
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру". Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: 1. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша шешім беру; 2. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған адамның мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру |
||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті атқарушы орган |
||
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Барлық кіші түрлер бойынша өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) Мемлекеттік корпорация; 2) көрсетілетін қызметті алушы 3) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі. |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті беруге, Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні; 2) Мемлекеттік корпорацияның құжаттарын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. |
||
|
4 |
Көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
||
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
- Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлігіне билік ету, шотына түскен зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу жөніндегі шешім туралы бұйрық; - Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға бұйрық; - Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады. |
||
|
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
||
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; 2) Мемлекеттік корпорацияда: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдерінде дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша немесе қамқорлыққа мұқтаж кәмелетке толмаған адамның тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы "брондауға" болады. 3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz; 2) www.egov.kz. порталда жарияланған. |
||
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыда қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлігіне билік ету, шотына түскен зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу жөніндегі шешімді алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады: 1) Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін); 3) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы мәлімет (көрсетілетін қызметті берушінің қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы); 4) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушының иелігіндегі меншік құқығын растайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін); 5) заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (нотариустан) (заң бойынша мұра алған жағдайда) (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін); 6) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушының көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін); 7) екінші деңгейдегі банктерде немесе "Қазпочта" АҚ-да қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға шот ашылғаны туралы хабарлама; 8) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушының кірістерін (зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік және басқа да төлемдер) растайтын құжаттар. Көрсетілетін қызметті алушы сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған адамның мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады: 1) Қағидаларға сәйкес 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы мәлімет (көрсетілетін қызмет берушінің қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы); 4) меншік құқығын растайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін); 5) заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (нотариустан) (заң бойынша мұра алған жағдайда) (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін); 6) көлік құралдарына меншік құқығын растайтын құжат (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін); 7) кепілдік міндеттемелер (нотариустан) (мүлікті сатқан жағдайда) (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін). Жоғарыда аталған 2),3),4),6),8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық мәліметтер және (немесе) құжаттар нысанында алады. Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке тиісті құжаттар қоса ұсыналады. Құжаттарды портал арқылы берген кезде құжаттар электорндық көшірме түрінде ұсынылады. |
||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін белгілеу; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 127, 128-баптарында бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған. |
||
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: 1) Министрлікте – www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі; 2) Мемлекеттік корпорацияда – www.gov4c.kz. 2. Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұруды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді. 3. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде электрондық нысанда қамқоршылықты/қорғаншылықты белгілеу туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" деген бөлімде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды. |
||
|
|
Қазақстан Республикасы |
|||
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салулар
"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мынадай:
1) ЖТ МДҚ-дан көрсетілетін қызметті берушінің жеке басын куәландыратын;
2) ЖТ МДҚ-дан қамқорлыққа және (немесе) қорғаншылыққа алынған адамның жеке басын куәландыратын;
3) ЖТ МДҚ-дан көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы;
4) ЖТ МДҚ-дан қамқорлыққа және (немесе) қорғаншылыққа алынған адамның тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы;
5) ҚЖМБМК-дан қамқорлыққа және (немесе) қорғаншылыққа алынған адамның жылжымайтын мүлігі туралы;
6) қамқорлыққа және (немесе) қорғаншылыққа алынған адамның зейнетақы және әлеуметтік төлемдері (зейнетақы және жәрдемақы Еңбекмині АЖ-дан);
7) Еңбекмині АЖ-дан қамқорлық және (немесе) қорғаншылық туралы мәлімет (қамқорлық тізілімі).
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның АЖ-дан сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ЭЦҚ-мен, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның, көрсетілетін қызметті берушінің немесе көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын жүзеге асырған ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЖ – ақпараттық жүйе;
ҚЖМБМК– Қазақстанның жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры;
ЖТ МДҚ – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Еңбекмині АЖ – "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" ақпараттық жүйесі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
|
|
Қазақстан Республикасы |
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабын және 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті атқарушы орган, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
ұсынуыңызға/көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты ___________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
___________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы: _______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон: ___________________________________________________
Алды: ___________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
20__ жылғы "___" _________
|
|
Қазақстан Республикасы |
Нысан
Рұқсат беру туралы БҰЙРЫҚ
Қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын жүзеге асырушы уәкілетті орган _____________________________________________ ____________________________________________________ өтінішін қарап,
қорғаншының/қамқоршының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
ШЕШТІ
Қорғаншы/қамқоршы
________________________________________________________________________
(негіздеме) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
тиесілі ___________________________________________ мекенжайы бойынша
орналасқан __________________________________________________________
(мүліктің, көік құралының және т.б. атауы)
мүлікке билік етуге/ иеліктен шығаруға (қажеттінің астын сызу) рұқсат етілсін.
Басшы _____________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
|
|
Қазақстан Республикасы |
Нысан
|
|
________________________ |
Дәлелді бас тарту
___________________________________________________________
(республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы орган), Сіздің ________ жылғы № __________ өтінішіңізді қарап, "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартқаны туралы хабарлайды.
____________________________________________________________________
(Бас тарту негіздемесі).
Басшы ________________________________________________
(ұйымның атауы)
_____________________________________ _______________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Мөр орны
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК