2024 жылғы қаңтар-қазандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.

Экономиканың нақты секторы. 2024 жылғы  қаңтар – қазанда, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 22,0%-ға азайды . Оған өңдеу өнеркәсібі  23,9%-ға  азайуы әсер етті.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі есепті кезеңде 2063,8 млн.теңгені құрады. Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,0%-ға артты.

2024 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 26300,9 млн.теңгені құрады. Бағалар индексін есепке алғандағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,7% -ға көбейді.

Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын жайлардың жалпы ауданы 5164 шаршы метрді құрады және 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 118,0%-ға көп.

2024 жылдың 1-қарашаға  аудан бойынша заңды тұлғалардың статистикалық тіркеліміне 156 шаруашылық жүгізуші және басқа субъктілер, соның ішінде 148 (94,9%)- шағын, 7 (4,5%)- орта, 1 (0,6%) -ірі кәсіпорын енгізілді. Мемлекеттік меншік нысанымен субъктілердің- 41,0%-ы, жеке меншік – 59,0%-ы тіркелді.           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы:

Б.Ә. Хамитов

Тел. +7 (72339) 3-14-88

Статистика басқармасының басшысы:

Б.Ә. Хамитов

Тел. +7 (72339) 3-14-88

Мекенжай:

Күршім а.

Барақ батыр көшесі 25

 

 

 

 

 

 

 

© Күршім ауданының Статистика басқармасы

 

2024 жылғы қаңтар- қазандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.

 

 

 

№ 11

2024 жылғы 26 қараша

 

 

 

Лауазымы

Қолы

Ажыратылуы

Басқарма басшысы

 

Б.Ә. Хамитов

«26» қараша 2024 жыл

 

 

Дата публикации
26 ноября 2024