ЖОСПАР Күршім ауданының жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

№

п/п

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1. Персоналды басқару қызметі

 

1.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына (ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығы, бұдан әрі-мемлекеттік бақылау қағидалары) сәйкес Күршім ауданы әкімі аппараты жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың ҚР-ң заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау және мониторинг жүргізу бойынша бақылау функциясын іске асырады.Бақылау функциясын іске асыру кезінде бақылау объектісінің қызметкерлерімен тікелей байланыс орын алады.

 

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына бақылау іс-шараларын жүзеге асыратын аудан әкімдігінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл курстарына жіберу туралы хат жолдасын.

 

Бастама хат

Персоналды басқару бөлімінің басшысы

Желтоқсан 2024жыл

2. Канцелярия,ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімі

2.

Жергілікті атқарушы органдарда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің орындалып, келісу кезінде, яғни түпкілікті шешім шығарған жағдайда сол бөлімнің басшысы өзіне тіркелген ЭЦҚ кілтімен ақпараттық жүйеге кіріп, шешімді өз көзімен көріп барып,қол қою керек.Кейбір жағдайларда орындаушы мамандар бірініші басшының ЭЦҚ кілтімен кіріп, шешім шығарады немесе келіседі.

 

Бөлімдерге және ауылдық округтерге электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртібі туралы хат жолдау

Бастама хат

Канцелярия,ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің басшысы

Желтоқсан 2024 жыл

3.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті қалыптастыру бойынша семинар өткізу,дөңгелек үстелдер өткізу.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін сыбайлас жемқорлық,құқық бұзушылықтардың алдын алуға жұмыс жүргізу.

Қызметкерлер арасында семинар-кеңес түрінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Семинар,кеңестердің хаттамалары

 Жалпы бөлім басшысы

 Бөлім басшылары

 

 

 

Үнемі

4.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Ішкі талдауды орындау

Есеп беру(құжаттарды  тапсыру)

  Жұмыс тобы

Жылына бір рет

 

Дата публикации
11 ноября 2024