«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат

Күршім  ауылы                                                                             күні 16.10.2024ж.

 

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Заңының 8-бабының 5-тармағына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) және ведомствоға бағынышты ұйымдарға  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізілді.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі- талдау) 2024 жылғы 16 қазанан бастап 3 қараша аралығында жұмыс топтарымен жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау(әрі қарай СЖТІТ) келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1)ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметтеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)ауданның жергілікті атқарушы органдардыңұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау(СЖТІТ)жүргізу кезінде мыналар пайдаланылды.

- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы бекіткен 2021 жылғы 7 сәуірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі ұсынымдар;

-ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары.

Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау(СЖТІТ) 2024 жылғы 16 қазан пен 3 қараша аралығында өткізілді.

          Күршім ауданы әкімінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 35-ө өкіміне сәйкес, жұмыс тобының мүшелері болып Аппарат басшысы,жалпы бөлім басшысы,кеңсе,ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің басшысы,жалпы бөлім бас маманы айқындалды.

- Күршім ауданы әкімінің аппараты;

- Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі;

- Күршім ауданының ішкі саясат бөлімі;

- Күршім ауданының  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі;

-Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімі;

-Күршім ауданының  «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

-Күршім ауданының сәулет,құрылыс,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;

- Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты;

- Күршім ауданы Маралды ауылдық округі әкімінің аппараты;

- Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты;

- Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты;

- Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты;

- Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты;

- Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты;

-Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

Аппарат бөлімдері өз қызметін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 35-ө өкімімен бекітілген «Күршім ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сәйкес

Аппарат құрылымына мынадай бөлімдер кіреді:

1.жалпы бөлім;

2.персоналды басқару қызметі;

          3.кеңсе,ақпараттық технологиялар және  мемлекеттік қызметтер                                                көрсету сапасына ішкі бақылау  бөлімі    

Аппарат бөлімдерінде сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау(СЖТІТ) жүргізу барысында 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

 

1.Жалпы бөлім

Заңгерлік мемлекеттік-құқықтық бағыты бойынша:
Мемлекеттік мекеме өзінің жұмысын Конституция мен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне және ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобымен әкімдік өзінің жұмысында басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

«Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережелерін зерделеу барысында аудан әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді (регламенттер, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар) өкілеттілігіне нұқсан келтіретін және жемқорлық жасауға әкеліп соғатын нормалар анықталған жоқ.

Құқықтық актілердің нормалары мен ішкі құжаттар арасындағы қарама қайшылықтар бағытында көрсеткіш бойынша: басымдық нормасын таңдау жауапкершілігі талдау объектісінің лауазымды тұлғасына жүктелді.

2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында   «Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қосымша құн салығы (әрі қарай ҚҚС) есебінсіз 79968,1 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алулар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 9 айында «Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 70 мемлекеттік сатып алу өткізілді, соның ішінде: Ашық конкурстың екінші кезеңі – 2,Баға ұсыныстар әдісімен – 4, Электронды дүкен арқылы – 36,Тікелей шарт тұжырымы бір дерек көздерден – 13,Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу – 12.

 

  1. Персоналды басқару бағыты бойынша:

        - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына (ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығы, бұдан әрі-мемлекеттік бақылау қағидалары) сәйкес Күршім ауданы әкімі аппараты жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың ҚР-ң заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау және мониторинг жүргізу бойынша бақылау функциясын іске асырады.Бақылау функциясын іске асыру кезінде бақылау объектісінің қызметкерлерімен тікелей байланыс орын алады.

         Ұйымдастыру-басқару қызметіне жүргізілген ішкі талдау аудан әкімдігінің құрылымына 7 әкімдік (ауылдық округтер) және 7 дербес бөлім кіреді.

2024 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 83 бірлікті құрады, бос орындар саны-8 штаттық бірлік,оның ішінде 4-бала күтіміне байланысты еңбек демалысында.

Жұмыстан өз еріктерімен босаған адамдарда сөйлесу барысында талдау кезінде мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты теріс себептер, басшылар мен әріптестердің әрекетіне теріс қылықтар анықталған жоқ.

Теріс себептермен және мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылғандар жоқ.

Ұсынымдар: Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына бақылау іс-шараларын жүзеге асыратын аудан әкімдігінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл курстарына жіберу туралы хат жолдасын.

 

3.Кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі – 1 тәуекел

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша. 2024 жылдың 9 айында Күршім ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 487 өтініш келіп түсті,оның ішінде жеке тұлғалар-324,заңды тұлғалардан-163.Күршім ауданы әкімінің аппаратында өткен кезеңде өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес, азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті. Есепті кезеңде аудан әкімімен 64-жеке қабылдау өткізіліп, 45- адам қабылдауда болды.                                                                                              Жеке қабылдау барысында азаматтар көтерген барлық мәселелер қаралып, жауаптары беріліп орындалды. Жеке  қабылдауларда өтініштерді сапасыз және уақытылы қарамау бойынша шағымдар түскен жоқ. Барлық мемлекеттік органдар барлық өтініштерді e-Otinish азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай   платформасында жұмыс жасайды.  Жоғарыда аталған арналар арқылы келіп түскен барлық өтініштер уақытылы қаралып, орындалды.  

Жергілікті атқарушы органдарда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің орындалып, келісу кезінде, яғни түпкілікті шешім шығарған жағдайда сол бөлімнің басшысы өзіне тіркелген ЭЦҚ кілтімен ақпараттық жүйеге кіріп, шешімді өз көзімен көріп барып,қол қою керек. Кейбір жағдайларда орындаушы мамандар бірінші басшының ЭЦҚ кілтімен кіріп, шешім шығарады немесе келіседі.

Ұсыныс:

-Бөлімдерге және ауылдық округтерге электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртібі туралы хат жолдау.

 

Мүдделер қақтығысын реттеу.

 

Мүдделер қақтығысы жағдайларына талдау жүргізу барысында жұмысқа қабылданған қызметкерлердің мемлекеттік мекеме басшысымен үлестестігі анықталған жоқ. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы) жоқ.

 

 

 

Жұмыс тобының құрамы:

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы

 

 

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы

 

 

Аудан әкімі аппаратының                                     кеңсе,ақпараттық технологиялар және                                     мемлекеттік қызметтер                                                көрсету сапасына ішкі бақылау  бөлімінің басшысы   

 

                     

           

                               

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы,жұмыс тобының хатшысы

 

С.Дузбаев

 

 

Д.Адилбеков

 

 

 

 

 

С.Тоқпаева

 

 

 

 

 

                           К.Абилмажина

 

Дата публикации
11 ноября 2024