Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Күршім ауданлық аумақтық референдум комиссиясының № 8 ШЕШІМІ

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік референдум комиссияларының ұсынуы бойынша референдум комиссиясы ШЕШТІ:

 

  1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

Р/б

№

Референдум учаскесінің

№   

Учаскенің орналасқан жері 

1. 

776

ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Көлбаев к., 2,  Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Күршім ауданы бойынша шекара басқармасы

2. 

1150

ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Көлбаев к, 10,  «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Күршім ауданының полиция бөлімі» ММ

 

  1. Бұл референдум учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  2. Осы шешім Күршім аудандық аумақтық референдум комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
  3. Осы шешімнің көшірмесі Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.

 

 

Комиссия төрағасы                              _____________   Абилмажинов А.К                            МО         

 

Комиссия хатшысы                                    _____________    Донбаева Ж.Р

 

2024 жылғы 24  қыркүйек

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Шешім дауыс беру күніне жеті күннен кешіктірілмей қабылданады.

Дата публикации
25 сентября 2024