Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 448, дауыс беруге қатысқаны – 443 (98,9%).
Сайлау қорытындысында Әлімжанова Балжан Айбекқызы – 46 (10,5%), Мәжібаев Жасұлан Жайлаубайұлы – 64 (14,5%), Тлеубаев Ержан Токаевич – 312 (70,9%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 18.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1972 жылы туған, Күршім ауданы, уақытша жұмыссыз Тлеубаев Ержан Токаевич – Балықшы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы