ЖОБА
Күршім ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың cхемасы
мен тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Күршім ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1, 2, 3 -қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Күршім ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім
ауданының әкімі А.Акышов