"Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34626 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
К. Кажкенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі