"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 мамырдағы № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 мамырда № 34396 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

 

  1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

 

       3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

 

      "1-1) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесі (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйесі) – есептеуіш және коммуникациялық жабдықты, бағдарламалық қамтылымды, лингвистикалық құралдарды, ақпараттық ресурстарды, жүйелік персоналды және осы жүйеде белгіленген қағидалар бойынша өзара іс-қимыл жасайтын қатысушылар мен пайдаланушыларды қамтитын, сондай-ақ осы жүйенің белгіленген функцияларын орындаудың ақпараттық технологиясын іске асыратын құрылымдалған кешен;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты – жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар тракторларға, өздігінен жүретін жол-құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы машиналары мен жер үстінде рельссіз жүретін басқа да механикалық көлік құралдарына (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарын қоспағанда) және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт;

      8-2) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты – өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде ресімделген өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты;";

 

       15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

 

       "15. Тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

       Портал мен ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң) 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

       Электрондық паспорттар жүйесі мен ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 38-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тіркеу іс-қимылы және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және машиналарға арналған нөмірлік белгіні беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) ақпараттық жүйе операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор еркін нысанда техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған тіркеу пунктіне (көрсетілетін қызметті берушіге) қол қойдырады.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі ‒ Министрлік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Министрлік және тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  1. Тіркелген машиналарға тіркеу пункті (көрсетілетін қызмет беруші) "Механикалық көлік құралдарының жекелеген түрлеріне және олардың тіркемелеріне арналған жарықты шағылыстыратын жабыны бар мемлекеттік тіркеу белгілері. Техникалық шарттар" ҚР СТ 1176 Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес дайындалған тиісті үлгідегі техникалық паспорттар мен нөмірлік белгілер береді. Бір машинаға бір нөмірлік белгі беріледі.

       Бұл ретте техникалық паспорттар бланкілерінің сериясында және нөмірлік белгілерде қолданылатын Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының латын транскрипциясындағы әріптік белгілерінің тізбесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданылады.

      Тіркеу құжаттары мен машиналардың нөмірлік белгілерінің жұмсалуы сериялар мен олардың цифрлы нөмірлерінің өсу тәртібімен ақпараттық жүйеде жүргізіледі.

       Келіп түсетін және шығарылатын нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың саны осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналында көрсетіледі.

      Нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналы, сондай-ақ тіркеу құжаттарының бланкілері мен нөмірлік белгілер машинаның тіркелген орны бойынша сақталады.

      Толтыру кезінде бүлінген тіркеу құжаттарының бланкілері, одан әрі пайдалануға жарамсыз нөмірлік белгілер оларды қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын құралдармен және тәсілдермен кәдеге жаратылады, ол туралы тиісті актілер жасалады.

      Нөмірлік белгілерді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттеуді тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) жүргізеді.";

 

       35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Машиналарды қайта тіркеу:

      1) меншiк құқығы өзгерген;

      2) машиналардың ортақ меншiк құқығы пайда болған, тоқтатылған және ортақ меншiк иелерінің құрамы өзгерген;

      3) машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша машина иеленушінің (иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген;

      4) машина атына тiркелген жеке тұлғаның аты, әкесiнiң атын (бар болса), тегi не заңды тұлғаның атауы өзгерген;

      5) машинаны қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнайы жабдық орнату және осыған ұқсас өзге де өзгерістер салдарларынан оның типі өзгерген жағдайларда жүргізіледі.";

 

       көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

 

Ауыл шаруашылығы

министрінің міндетін атқарушы

А. Бердалин

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

Дата публикации
15 августа 2024