Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 33835 болып тіркелді.

       "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үйқорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары бекітілсін.
  2. Мыналардың:

       1) "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24039 болып тіркелді);

       2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 28 қарашадағы № 661 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30866 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

 

Өнеркәсіп және құрылыс

 

министрі

К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі



      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі



      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновация және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Дата публикации
15 августа 2024