«Күршім ауданы Балықшы және Сарыөлең ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 5 ҚАУЛЫСЫ

«Күршім ауданы Балықшы және Сарыөлең ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы»

 Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының

№ 5   ҚАУЛЫСЫ

 Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Күршім аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күршім ауданы Балықшы және Сарыөлең ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Күршім ауданының Балықшы және Сарыөлең ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Күршім жаршысы» газетінде жариялансын.

 

         Күршім  аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының төрағасы              А.Абилмажинов

 

         Күршім  аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының  хатшысы                   Ж.Донбаева

 

 

«Күршім ауданы Балықшы және Сарыөлең ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 5 ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
09 августа 2024