«Күршім ауданы Балықшы және Сарыөлең ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 4 ҚАУЛЫСЫ

      «Күршім ауданы Балықшы және Сарыөлең ауылдық округтері  әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін   құру туралы»

        Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының № 4  ҚАУЛЫСЫ

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Балықшы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Ақсуат, Жолнусқау, Аманат ауылдарының шекарасында Балықшы сайлау округі, Сарыөлең ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Сарыөлең, Барақ батыр, Бірлік ауылдарының шекарасында Сарыөлең сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары және Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері жөніндегі ақпарат Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Күршім жаршысы» газетінде жариялансын.

Күршім аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                     А.Абилмажинов

 

Күршім аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                      Ж.Донбаева

 

                

 

 

«Күршім ауданы Балықшы және Сарыөлең ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 4 ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
09 августа 2024