2024 жылғы қаңтар-мамырдағы Күршім ауданында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1199,9 млн.теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағалармен 100,4%-ды құрады. Марқакөл ауданы бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1055,7 млн.теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағалармен 86,4%-ды құрады.
Сатудың негізгі үлесі (100,0%) шағын сауда жасайтын кәсіпорындардың еншісіне тиесілі.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлеміндегі шағын кәсіпорындардың (саны 50 адамға дейінгі) үлес салмағы 100,0%-ды, орта кәсіпорындар (51-250 адам)-0,0%-ды, ірі кәсіпорындар (250 адамнан асатын)-0,0%-ды.