Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Шығыс Қазақстан облысы __________________________________________________________________________________________

2024жылғы «__» _________

№ ____бұйрығына

қосымша

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

 

1.Қоғамдық қатынастар саласының атауы:мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: __________________________________________________________.
  2. Квазимемлекеттік сектор саласында жұмыс істейтін тұлғалардың жүріс-тұрыс (іс-қимыл) ережелері:

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа қатысты салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

3.1.Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ұстануы және оны жүйелі іске асыру;

3.2.жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуі;

3.3. қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеуі, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы;

3.4.басқа квазимемлекеттік сеторлардың, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмауы;

3.5.мемлекеттік қызметтер тұтынушысы ретінде халықтың сұрау салуларын негізге ала отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шараларды ұдайы негізде қабылдауы;

3.6.мемлекеттік қызметтер, лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алуға арыздарды қарау кезінде әуре-сарсаңға салу фактілеріне жол бермеу, оларды белгіленген мерзімдерде беруі;

3.7.мемлекеттік қызметтер, лицензиялар мен рұқсаттар алуға келген арыз иелерімен қызметтік емес қарым-қатынастарға түспеуі;

3.8.мемлекеттік қызметтер көрсету, лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу үшін бекітілген тізбеге кірмейтін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпеу және сұратпауы сонымен қатар,  ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды қызмет алушылардан талап етпеуі.

 

4.Өз құзіреті шегінде басқарушылық және басқа да шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

4..1 рулық, жерлестік және жеке сенімділік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

4.2.қарамағындағы қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау;

4.3.қарамағындағы қызметкерлердің арасында еңбек жүктемелерін тең бөлмеуге жол бермеу;

4.4.олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділеттілік пен объективтілік таныту;

4.5.нақты орындалмайтын немесе олардың міндеттеріне кірмейтін, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы келетін өкімдер бермеу;

4.6.қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағыларының қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

4.7.қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;

4.8.қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;

4.9.қызығушылықтар жанжалын реттеу жөніндегі жан-жақты шараларды уақтылы қабылдау;

4.10.қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке және пайдакүнемдік қызығушылықтарды басшылыққа алмауы;

4.11.қызметтік өкілеттіктерді орындаумен байланысты сыйлықтар алмауы;

4.12.мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауы;

4.13.егер жақын туысқандық қарым-қатынастардағы адамдар (әке-шешелері, жұбайлары, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары, немере жиендері, ағалары, әпкелері, әжелері, аталары, жұбайларының жақын туыстары) тікелей қарамағында немесе бақылауында болса, оларды лауазымға тағайындаудан бас тартуы;

4.14.сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуы;

4.15.сыбайлас жемқорлықтың белгілі болған фактілер бойынша басшылыққа дереу баяндауы;

4.16.егер тікелей басшысының өзі мүдделер жанжалына тартылған болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгінуі;

4.17.жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстануы және әріптестерінен талап етуі.

 

5.Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

5.1.заңдылық қағидаттарын, Қазақстан РеспубликасыКонституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауы;
         5.2.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық және нормативтік актілерді қабылдау кезінде дискрециялық нормаларды, екі мағыналылықты, нақтыланбаған тұжырымдамалардың болуына жол бермеу, қолданыстағы заңнамада жеке басымен (немесе) ұжымдық мүдделердегі қайшылықтар мен кемшіліктердіболдырмауы.

6.Басқа да шектеулер мен тиым салулар:

6.1.мемлекеттік қызметші өз қызметтік іс-әрекетінде адам, оның құқығы мен бостандығы жоғары құндылық болып табылатындығы, әр азамат жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы барлығы көрсетілген конституциялық ережеге сүйенуі тиіс;

6.2.мемлекеттік қызметшінің жүріс-тұрысы өзімшілдік, дөрекілік, адамға тіл тигізу, қорқытуға жол бермейтін құрметсіз қарым-қатынасымен байланысты емес  ұстамды болуы қажет;

6.3.квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызмет шарттары мен қызметтік іс-шараларының нысанына қарай мемлекеттік органға азаматтардың құрметпен қарауына ықпал етуге, ресмилік,ұстамдылық, дәстүрлік, ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.

Дата публикации
17 июня 2024