2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі Күршім және Марқакөл аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.

2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі Күршім және Марқакөл аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.

Экономиканың нақты секторы. 2024 жылғы  қаңтар- сәуірде, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 117,2%-ға көбейді . Оған тау- кен өндіру өнеркәсібінің өнімдері 126,9%-ға артуы әсер етті.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі есепті кезеңде 1945,3 млн.теңгені құрады. Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,8%-га азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 1662,8 млн.теңгені құрады. Бағалар индексін есепке алғандағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 79,1% азайды.

Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын жайлардың жалпы ауданы 1115 шаршы метрді құрады және 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,1%-ға артты.

2024 жылдың 1-мамырына  заңды тұлғалардың статистикалық тіркеліміне 235 шаруашылық жүгізуші және басқа субъктілер, соның ішінде 223 (94,9%)- шағын, 9 (3,8%)- орта, 2 (0,9%) -ірі кәсіпорын енгізілді. Мемлекеттік меншік нысанымен субъктілердің- 42,6%-ы, жеке меншік – 57,4%-ы тіркелді.          

                                                                                        

 

Дата публикации
21 мая 2024