Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналғангранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі, оларға мыналар жатады:
1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
4) қоныс аударушылар;
5) қандастар;
6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
7) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы).
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
2024 жылдың маусым және тамыз айларында Күршім ауданы бойынша 10 жобаға гранттық қаржы беру жоспарлан. 2023 жылы гранттық қаржы алушылардың бірі – Арғынова Толқынай Алтынкановна.Әлеуметтік категориясы – асыраушысынан айырылғандар. Арғынова Толқынай Алтынкановна 2023 жылдың наурыз айында кондитерлік өнімдерін шығару жобасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант алды. Алынған қаражатқа бизнес жоспарға сәйкес құрал-жабдықтар сатып алды. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер «Арғынова Толқынай» ретінде тіркелді. Ауыл халқының сұранысы бойынша торт және басқа кондитерлік өнімдерге тапсырыс қабылдайды. Шығарған кондитерлік өнімдерін «Айсұлу» дүкенінде сатып отыр.