Жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері меңгерген кәсіби мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірбиесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айға дейін. Ай сайынғы жалақы мөлшері 30 АЕК құрайды. Жастар практикасының шарттары:
2024 жылы Күршім ауданы бойынша 28 адамды жастар практикасына жіберу жоспарланған. Бүгінгі күнге жастар практикасы бойынша 4 адам жіберілді.Солардың бірі – Барақ-батыр ауылының тұрғыны бүгінгі күні өзінің мамандығы бойынша жұмысын атқаруда. Адал Нұрдана Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжін бітіріп,12.01.2024ж – 12.01.2025ж аралығына жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бірі – жастар практикасы арқылы «Барақ-батыр негізгі орта мектебі» КММ-недене шынықтыру мұғалімі ретінде жолданды.«Осы жоба аясында өз мамандығымды терең меңгердім. Қазіргі таңда оқуларын бітірген жастарға жастар практикасына қатсысуға ниет білдіремін.Осы жоба жастарға өте тиімді.» – дейді Адал Нұрдана.