«Күміс жас» жобасына 50-ден асқан жұмыссыз, мамандығы бар адамдар қатыса алады. Қатысу мерзімі 36 айды құрайды. Күміс жас жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, ал зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру.
«Күміс жас» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидия мөлшері:
2024 жылы Күршім ауданына «Күміс жас» жобасына24 адамжоспарланған. Бүгінгі күні 22 адам жолданды.
Күршім ауылының тұрғыны Мешел Ықылас 2024 жылдың ақпан айынан бастап 2027 жылдың ақпанына дейін осы «Күміс жас» жобасына қатысуда. «Гүлмира» жеке кәсіпкеріне аспазшы ретінде жұмысқа орналасты. Бүгінгі күні өзінің мамандығы бойынша еңбек етуде.
Жоба туралы жергілікті газеттен оқып, білдім. Зейнет жасына жақындағанда көпшілік орындар жұмысқа қабылдамайды. Біздер үшін өте тиімді жоба деп түсініп, мансап орталығынан толық ақпарат пен бағыт-бағдар алдым. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлікке жұмысқа орналастым. Мемлекеттік жобалардың қарапайым халық үшін осындай игіліктеріне өте қуаныштымын, дейді «Күміс жас» жобасына қатысушы Мешел Ыкылас.