Күршім ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Бөліммен 28 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр, оның 22-і бөліммен (4 қызметкер),6-і халықты жұмыспен қамту орталығымен (7 қызметкер).2023  жылы барлығы 3553 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 2821 -і электронды түрде немесе 99,4%, 8-і қағаз түрінде, Мемлекеттік коорпарация арқылы -429. Осы мерзімде қызмет көрсету мерзімін бұзу, қызмет көрсету сапасы туралы қызмет алушылардан шағым-арыздар түсу фактілер тіркелмеген.

         Барлық мемлекеттік қызметтер әр түрлі саладағы министрліктердің бұйрықтарымен бекітілген Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Әр қызмет алушы өтініштерін тікелей қызмет беруші, «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпарация және «Электронды Үкімет» портал арқылы беруге құқылы.

         Ғимараттың кіреберіс бөлмеде өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы орналасқан, үнемі бір маман қызмет алушыларға көмеккөрсетіп, әр түрлі кеңестер беріп отырады. Барлық мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, стандарттарына стенд жасалынып, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Қызмет алушы өзіне керекті мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен таныса алады.

        

 

Дата публикации
29 марта 2024