«Күршім ауданыжерқатынастары
бөлімі» ММ-нің 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жылдық есебі
«Күршім ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ (бұдан әрі – бөлім) Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында жер қатынастары саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім құзыреті шеңберінде келесі 1 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2023 жылы бөлім барлығы 417 қызмет көрсетті .
Жерге орналастыру жобаларын бекіту қалалар мен аудандардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының құзыретіне жатады, жобалардың жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларына сәйкес келмеуі, құжаттардың толық емес пакетін ұсынуы, құзыретіне байланысты қарастырудың мүмкін болмауы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып, облыстық жер комиссиясының теріс қорытындысыбас тартудың негізгі себептері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелген бұйрығымен Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар бекітілді.
Қағидаларда өтініштерді қағаз түрінде берудің баламасы алынып тасталды.
Кодекс пен Қағидалар арасындағы қайшылықтарды жою мақсатында басқарма мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі проблемалық мәселелерді, оларды шешу жолдарын сипаттай отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әзірлеген мемлекеттік қызметтер көрсету процестеріне талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бойынша қызметтер көрсету бойынша талдауды, сондай-ақ процестерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстарды орындады.
Көптеген проблемалық мәселелер бойынша басқарма жер қатынастары жөніндегі орталық уәкілетті органға жүгінеді, сұрау салулардың нәтижелері уәкілетті органдардың назарына жеткізіледі.
2023 жылы көрсетілген қызметтердің сапасына қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.