Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Мемлекеттік қызметтерді Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қазандағы № 39/НҚ бұйрығы, 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ редакциясында) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 27 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, бұл тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 15,3%-ын құрайды (176).
Анықтама ретінде: баламалы негізде көрсетілетін қызметті беруші арқылы 24(88,9%) қызмет түрі, Мемлекеттік корпорация – 1 (3,7%),«электрондық үкімет» порталы –2 (7,4%) қызмет көрсетті.
2023 жылы барлығы 218 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
немесе 0%;
– «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы 60 қызмет;
– 158 электрондық форматта қызмет, оның ішінде: «электрондық үкімет» порталы арқылы - 69 , ГБД «Е-лицензирование» арқылы – 89, ақпараттық жүйелер арқылы –0 көрсетілді.
Көрсетілген қызметтерге жүргізілген талдау 27 қызмет түрінің аудан тұрғындары арасында 9 жоғары сұранысқа ие, олар бойынша 218 қызмет алынды. Олардың ішінде ең сұранысқа ие «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру»–98, «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» -50, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» - 28, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру» - 3.