2023 жылы Күршім ауданы Жер қатынастары бөлімімен Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін 4 конкурс ұйымдастырылып, жалпы ауданы 30 750 гектар оның ішінде: 3100,32 гектар егістік, 759,72 гектар шабындық, 25 713,0 гектар жайылым, 1177,4 гектар басқадай 65 жер учаскелері табысталды.
Сонымен қатар,2023 жылы ҚР азаматтарына өтеусіз қысқа мерзімді 5 жылға шөп шабу және мал жаю үшін жалпы ауданы 16 207,434 гектар оның ішінде: 1297,9219 гектар шабындық, 14 426,8124 гектар жайылым, 482,6997 гектар басқадай 146жер учаскелері берілді.
ҚР азаматтарына өтеулі қысқа мерзімді 2 жылға жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін комиссия қорытындысымен 20,8355 гектар 143 жер учаскелері және де жеке меншікке 6,3472 гектар 37 жер учаскелері берілді.
«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті Шығыс Қазақстан Облысының жер ресурстарын басқару департементі» РММ-мен «Ғарыш сапары» «Qoldau»веб-порталында цифрлық мониторинг барысында Күршім ауданы бойынша пайдаланылмаған және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жалпы ауданы 80712,56 гектар 461 жер учаскесі, оның ішінде: 7411,71 гектар 168 егістік жер учаскесі, 73 300,85 гектар 293 жайылым анықталған.Бүгінгі күнде, Күршім ауданы бойынша 248 жер пайдаланушымен жұмыс атқарылып жалпы ауданы 50 950,43 гектар оның ішінде 46 697,44 гектар жайылым, 4252,99 гектар егістік жер учаскелерінің иелері нақтыланды.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы жер басқармасының бекіткен жоспары бойынша 20 000,0 гектар жер учаскесін қайтару тапсырылған. 2023 жылдың онбір айдың жоспары бойынша 20 000,0 гектар жер учаскесін мемлекеттік меншікке қайтару жоспарланған, осыған сәйкес, бүгінде 21 063,1074 гектар, оның ішінде: 290,8 гектар егістік, 19 491,307 гектар жайылым, 1281,1004 гектар басқадай жер учаскелерінің мерзімінің аяқталуына және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан 123 жер учаскесі Күршім ауданы әкімдігінің қаулысымен мемлекеттік меншікке қайтарылды.