Отчет местных исполнительных органов Курчумского района о результатах мониторинга качества оказания государственных услуг за 2023 год

2023 жылы 4998 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 4811 қызмет, заңды тұлғаларға – 187.

Қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 493 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 456 қызмет, заңды тұлғаларға-37.

Қағаз түрінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 398 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 392 қызмет, заңды тұлғаларға– 6.

Электрондық түрде: 4107 қызмет (жеке тұлғаларға – 3963 қызмет, заңды тұлғаларға – 144), оның ішінде: электрондық түрде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы– 1041; электрондық түрде «Е-лицензиялау» МДБ веб-порталы арқылы - 1205 қызмет, оның ішінде жеке тұлғаларға – 1061, заңды тұлғаларға– 144.

Электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 735 қызмет, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз - 735 қызмет, тікелей байланыс арқылы – 1126.

 

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат

 

Күршім ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау Қағидаларының 41-тармағына сәйкес бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2023 жылы 7 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Ішкі мемлекеттік бақылаумен 7 Жергілікті атқарушы орган қамтылды.  Бақылау іс-шаралары барысында анықталған бұзушылықтар 12, оның ішінде:

- мемлекеттік қызмет көрсетуде кезінде бас тарту мерзімінің бұзылуы-1;

- мемлекеттік қызмет көрсетуде бизнес-процесстердің бұзылуы- 2;

- басқа да бұзушылықтар -2;

- есептегі мәліметтердің сәйкессіздік фактілері-7.

 

Жергілікті атқарушы органдардың (облыс әкімінің аппараты, қалалар, аудандар әкімдіктері, мемлекеттік қызметтер көрсететін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар облыстық басқармалар) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2024 жылға арналған жоспарлары әзірленіп, бекітілді. Бақылау объектілерін бақылау іс-шараларының жоспарына енгізу туралы шешім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының ішкі мониторингінің қорытындылары бойынша қабылданады (Мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту фактілерін анықтау, мерзімдерді бұзу, Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлардың болуын талдау, Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды талдау, деректерді уақтылы енгізу мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау және т.б.).

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін жетілдіру, оның ішінде оларды автоматтандыру, оңтайландыру және электрондық түрге көшіру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтердің 66 түрі көрсетіледі және ол мемлекеттік қызметтердің 132 ішкі түріне бөлінеді, оның ішінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 60 түрін немесе 92% көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті алушыларға олардың санын, себептерін және олар бойынша қабылданған шараларды көрсете отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы ақпарат

 

2023 жылы мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар арқылы 502 негізделген бас тарту тіркелді (498 – жеке тұлғаларға, 4 заңды тұлғаларға), оның ішінде: электрондық түрде – 288, қағаз түрінде–114, Мемлекеттік корпарация арқылы-54, ақпараттық жүйелер арқылы-46.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзудың анықталған фактілері туралы олардың санын, себептерін және олар бойынша қабылданған шаралары туралы ақпарат

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің талдауы бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту анықталды.

        Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 9 маусымдағы№ 03-10/373-И хаты негізінде жер қатынастары бөлімінің қызметкері «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына белгіленген мерзімдерді бұза отырып, есепті кезеңде қаралған шағымдар, олардың саны, себептері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат

2023 жылғы Е-otinish порталы арқылы Күршім ауданы әкімінің аппаратына шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттырудан өткен тұлғалар туралы ақпарат

Әкім аппаратының персоналды басқару бөлімінің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес 1 мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курсына қатысты.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шаралары туралы ақпарат

2023 жылы 4311 адамды қамти отырып, 9 түсіндіру іс - шарасы өткізілді, оның ішінде «Электрондық үкімет» порталының жұмысын насихаттау мақсатында 2023 жылы Instagram тікелей эфирінде ауданның жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 9 онлайн-жәрмеңке өткізілді.

      «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары арқылы 2023 жылы 16124 қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша заңнаманы сақтау, бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу мақсатында жұмыста

Дата публикации
13 марта 2024