2022 жылғы Күршім ауданының бюджет қаражаттарының игерілуі туралы

2022 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатының игерілуі 99,2% құрады. Бағдарлама әкімшілерінің қалдығы 41845,6 мың теңге, оның ішінде:

1) республикалық бюджеттен берілетін трансферттер бойынша – 40845,0 мың теңге, оның ішінде:

– 40512,0 мың теңге – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар, бағдарлама порталы жабық;

– 333,0 мың теңге – Ұлттық қор бойынша, жалақы және салықтар бойынша, бос лауазымдар бойынша және дөңгелектеу есебінен пайда болған үнемделген қаражаттар;

2) облыстық бюджеттен берілетін трансферттер бойынша – 0,6 мың теңге, оның ішінде:

      - 0,4 мың теңге – жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша үнемделген қаражаттар;             

       - 0,2 мың теңге –– сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуі бойынша үнемделген қаражаттар;

3) аудандық бюджет бойынша – 1000,0 мың теңге – барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен қалған дөңгелектеуден пайда болған  үнемделген қаражаттар.

Дата публикации
31 января 2024