ХАБАРЛАМА
2023 жылдың 3 желтоқсан күні Маралды ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Күршім аудандық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, қорытындысын белгіледі:
Маралды ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпарат:
Күршім ауданы Маралды ауылдық округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 581 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 489 дауыс беруге қатысты.
Маралды ауылдық округінің әкімі болып Сеилханов Бауржан Толеуханович сайланды, 1963 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған.
Күршім аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 4 желтоқсандағы шешімімен Күршім ауданының Маралды ауылдық округінің әкімі болып сайланған Сеилханов Бауржан Толеуханович тіркеді.
Күршім аудандық сайлау комиссиясы