«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат

     

«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат

 

Күршім  ауылы                                                                күні 16.10.2023ж.

 

     «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Заңының 8-бабының 5-тармағына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, 2023 жылғы 30 ақпандағы Шығыс Қазақстан облысының облыстық басқармаларымен және қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен сыбайлас жемқорлық  қауіптеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) және ведомствоға бағынышты ұйымдарға  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізілді.

          Сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі- талдау) 2023 жылғы 16 қазанан бастап 3 қараша аралығы кезеңіне бірінші басшылардың актілерімен құрылған жұмыс топтарымен жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау (әрі қарай СЖТІТ) келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметтеріне қатысты нормативтік  құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) ауданның жергілікті атқарушы органдар дыңұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау(СЖТІТ)жүргізу кезінде мыналар пайдаланылды.

- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы бекіткен 2021 жылғы 7 сәуірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі ұсынымдар;

- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары.

Сыбайлас  жемқорлыққа ішкі талдау(СЖТІТ) 2023 жылғы 16 қазан пен 3 қараша аралығында өткізілді.

           Күршім ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 59-ө өкіміне сәйкес, жұмыс тобының мүшелері болып Аппарат басшысы, персоналды басқару бөлімінің басшысы, жалпы бөлім басшысы, кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің басшысы, азаматтарды қарау әдіскері, жалпы бөлім бас маманының м.у.а. айқындалды.

- Күршім ауданы әкімінің аппараты;

-Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі;

-Күршім ауданының ішкі саясат бөлімі;

-Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі;

-Күршім  ауданының экономика және қаржы бөлімі;

-Күршім ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

-Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;

-Күршім ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты;

-Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты;

-Күршім ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты;

-Күршім ауданы Маралды ауылдық округі әкімінің аппараты;

-Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округі әкімінің аппараты;

-Күршім ауданы Боран ауылдық округі әкімінің аппараты;

-Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты;

-Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты;

- Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты;

- Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты;

-Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округі әкімінің аппараты;

- Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты;

- Күршім ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі;

-Күршім аудандық «Мансап» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

-Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

-Күршім ауданы әкімдігінің «Теректі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

-Күршім ауданы әкімдігінің «Шабыт» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Аппарат бөлімдері өз қызметін  «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы» әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 59-ө өкімімен бекітілген «Күршім ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сәйкес;

Аппарат құрылымына  мынадай бөлімдер кіреді:

  1. жалпы бөлім;
  2. персоналды басқару қызметі;
  3. кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер                             көрсету сапасына ішкі бақылау  бөлімі

Аппарат бөлімдерінде сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау(СЖТІТ) жүргізу барысында 6 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

 

1.Жалпы бөлім

   Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша. 2023 жылдың  9 айында Күршім ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 387 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалар-257, заңды тұлғалардан-123, ұжымдық-7.   Күршім ауданы әкімінің аппаратында өткен кезеңде өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес, азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті. Есепті кезеңде аудан әкімімен 72-жеке қабылдау өткізіліп, 215- адам қабылдауда болды. Жеке қабылдау барысында азаматтар көтерген барлық мәселелер қаралып, жауаптары беріліп орындалды. Жеке  қабылдауларда өтініштерді сапасыз және уақтылы қарамау бойынша шағымдар түскен жоқ.  ШҚО Күршім  ауданы  әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесі, әлеуметтік желілер арқылы өтініш беру белсенділігі артуда. Барлық мемлекеттік органдар барлық өтініштерді қабылдау мен                    өңдеудің бірыңғай платформасында жұмыс істей бастады. Жоғарыда аталған арналар арқылы келіп түскен барлық өтініштер уақытылы қаралып, орындалды.                                                        Орындаушылық тәртіпті арттыру мақсатында басшыларға бұлтты құжат айналымы жүйесі мен «Е-өтініш» жүйесінде қатар барлық өтініштерді өңдеу (тіркеу, қарау, өтініш берушіге сапалы жауап беру) бойынша жұмысты жеке бақылауға алу тапсырылды.

Заңгерлік мемлекеттік-құқықтық бағыты бойынша:
Мемлекеттік мекеме өзінің жұмысын Конституция мен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне және ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобымен әкімдік өзінің жұмысында басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

«Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережелерін зерделеу  барысында  аудан әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді (регламенттер, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар) өкілеттілігіне нұқсан келтіретін және жемқорлық жасауға әкеліп соғатын нормалар анықталған жоқ.

Құқықтық актілердің нормалары мен ішкі құжаттар арасындағы қарама қайшылықтар бағытында көрсеткіш бойынша: басымдық нормасын таңдау жауапкершілігі талдау объектісінің лауазымды тұлғасына жүктелді.

2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында   «Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қосымша құн салығы(әрі қарай ҚҚС) есебінсіз 73568,6 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алулар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 9 айында «Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 58 мемлекеттік сатып алу өткізілді, соның ішінде: Ашық конкурстың екінші кезеңі– 2,Баға ұсыныстар әдісімен – 12, Электронды дүкен арқылы – 17, Тікелей шарт тұжырымы бір дерек көздерден – 22,Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу – 5.

 

  1. Персоналды басқару қызметі – 3 тәуекел.

№ 1 тәуекел. Персоналды басқару бағыты бойынша, келесі индикаторлар бойынша:

-Лауазымға іріктеу және тағайындау мәселесінің реттелмеуі:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері немесе кеңесшілерінің мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос немесе уақытша бос лауазымдарына орналасуына қатысты ережелерін қолданған кезде конкурс өткізбей- ақ жол беріледі,олөз кезегінде шектейді.

Ұйымдастыру-басқару қызметіне жүргізілген ішкі талдау аудан әкімдігінің құрылымына 12 әкімдік (ауылдық округтер) және 7 дербес бөлім кіреді.

2023 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 116 бірлікті құрады, бос орындар саны-16 штаттық бірлік,оның ішінде 3-бала күтіміне байланысты еңбек демалысында. Нақты саны – 99.

Жұмыстан өз еріктерімен босаған адамдарда сөйлесу барысында талдау кезінде мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты теріс себептер, басшылар мен әріптестердің әрекетіне теріс қылықтар анықталған жоқ.

Теріс себептермен және мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылғандар жоқ.

Ұсыныс:

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»Қазақстан Республикасының Заңына конкурстық негізде осы лауазымдарды атқару қажеттілігі туралы өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізіп жіберілсін.

№ 2 тәуекел. Персоналды басқару бағыты бойынша, келесі индикаторлар бойынша:

-Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі;

«Б» корпусының қызметіне конкурс өткізу ережесі Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолданған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос лауазымдарына конкурстық негізде орналасуға қатысты ішкі және жалпы конкурс арасындағы шарттар ішкі конкурсқа қатысуға үміткерлер болмаған жағдайда айқындалмайды.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 75-тармағына сәйкес «Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу объектілері, электрондық пошта мекен-жайлары немесе «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде ұсынады» осы норма мемлекеттік органның кадрлық қызметі өкілінің жұмысқа қабылдауға қызығушылық танытқан жеке тұлғамен тікелей байланысын көздейді. Қағидалардың 26-тармағына сәйкес «Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті «Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, конкурс сұрақтарының тізімін, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның қызметі саласында эссенің тақырыптар тізімін қалыптастырады».

Бұл ретте конкурсқа қатысушыларға кадрлық қызмет қызметкерлерімен конкурстық сұрақтарды берудің сыбайлас жемқорлық қауіптерінің алғышарттары бар.

Ұсыныс:

-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызмет лауазымына орналасуға конкурстық рәсімдерді орталықтандыру туралы ұсыныс енгізуге бастамашылық ету.

 

№ 3 тәуекел. Персоналды басқару бағыты бойынша, келесі индикаторлар бойынша:

-Заңнаманы бұзған немесе оған жол берген адамдарға тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану.

Коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар «Е-Қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесінің қатысушылары болып табылмайды. Қазіргі уақытта мәдениет мекемелеріне азаматтық қызметке қабылдау кезінде жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалғаны туралы мәліметтердің болу немесе болмауы туралы анықтама ғана талап етіледі. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған немесе оған жол берген адамды азаматтық қызметке қабылдаудың сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар.

Ұсыныс:

-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 32 бабына «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметке еңбек шартын жасасу мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпарат алу қажеттілігі туралы өзгерістер енгізуге бастамашылық ету.

 

4.Кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі – 3 тәуекел

 

№ 4 тәуекел. Мемлекеттік қызметті көрсету бағыты, келесі индикаторлар бойынша:

-көрсеткіш бойынша: құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы беру Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы беру.

Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп сату.

Негізінен, ережелерге сәйкес қызмет көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіште немесе электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі. Алайда бұл қызмет бүгінгі күнге дейін автоматтандырылмағаны белгілі. Сондай-ақ бұйрық жобасын келісу қағаз тасығышта жүзеге асырылады. Осы қызметті автоматтандыру уақытты қысқартуға ,  шешім  қабылдау процесін ашық етуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші мен мемлекеттік қызмет арасындағы тікелей байланысты болдырмауға тиіс.

Қазақстан республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығы негізінде Күршім ауданы әкімінің аппараты 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

  1. Сауда- саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  2. Жер учаскесінің нысаналық мақсатын өзгертуге шешім беру
  3. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рүұсат беру
  4. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
  5. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту
  6. Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру

7 Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

  1. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру
  2. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау
  3. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеу не бөліп төлеу арқылы сату
  4. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру
  5. Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату

Мемлекеттік қызмет көрсету,  көрсеткіш бойынша: құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы беру. Жергілікті атқарушы органдар (бөлімдер) көрсететін мемлекеттік қызметтерге талдау жасалды. Қортындылай келе барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетілмейтіні немесе ішінара автоматтандырылғаны анықталды.

Мысалы «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметін айтуға болады. Негізгі қағидаға немесе ережеге сәйкес Қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі арқылы қағаз  жүзінде немесе электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы электронды форматта көрсетіледі.  Алайда, бұл қызмет бүгінгі күні автоматтандырылмаған. Сондай-ақ өкім жобасын келісу қағаз түрінде жүзеге асырылады. Аталған қызметті  автоматтандыру  мерзімдерді қысқартуға, шешім қабылдау процесін ашық етуге, көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің көрсетілетін мемлекеттік қызметті тікелей байланысы болмауы керек.

Ұсыныс: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетуге бастамашылық жасау қажет.

 

 

№ 5 тәуекел. Мемлекеттік қызметті көрсету бағыты, келесі индикаторлар бойынша:

-Техникалық байқау визуалды түрде ешқандай құрал-жабдықтарсыз өткізіледі.

  Күршім ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Күршімауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы» ММ-де 2023 жылдың  9 айында бөлім 220 мемлекттік қызмет түрлерін көрсетті, 563 қызмет түрлері – жеке тұлғаларға, 90 – заңды тұлғаға.ММБ (ГБД) «Е-Лицензирование» веб-порталы арқылы электронды түрде – 0;

- тракторларды,  өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрлыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына – 79 тракторист-машинист куәліктері берілді.

- тракторлар, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру – 185.

- машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – 445.

Ұсыныс:

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасына ауданда тракторларды арнайы техникалық байқаудан өткізу құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы хат жолдау.

 

№ 6 тәуекел. Мемлекеттік қызметті көрсету бағыты келесі индикаторлар бойынша:

-Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану қаупі бар мүмкіндігі шектеулі  адамды күту бойынша жақын туыстарына қызмет көрсету.

-Күршім аудандық «Мансап»орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі адамға жеке көмекшінің қызметтері әлеуметтік қызметкердің, қызметтерімен ауыстырылады, бұл қызметтерді мүмкіндігі шектеулі адамның туыстары немесе жұбайлары көрсетеді. Өз кезегінде, нақты заңнамалық айырмашылықтар болмаған жағдайдамүмкіндігі шектеулі адамның жақын туыстарының қызмет көрсетуі бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану қаупіне әкеп соғады.

Ұсыныс:

Мекеменің жеке көмекшілерін таратуға және бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамды күтуге арналған үстемақыларды оңтайландыруға, барлық мүмкіндігі шектеулі адамдарды күтуге және қолдауға бірыңғай жәрдемақы енгізуге бастамашылық жасалсын.

Ақпарат аяқталды, назарларыңызға рахмет.

 

 

 

Жұмыс тобының құрамы:

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы

 

 

Аудан әкімі аппаратыныңжалпы бөлімінің басшысы

 

 

 

 

Аудан әкімі аппаратының                                     кеңсе,ақпараттық технологиялар және                                     мемлекеттік қызметтер                             көрсету сапасына ішкі бақылау  бөлімінің басшысы

 

 

 

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманының м.у.а,

жұмыс тобының хатшысы

 

С.Дузбаев

 

 

Д.Адилбеков

 

 

 

 

 

 

 

С.Тоқпаева

 

 

 

 

 

                          К.Абилмажина

 

 

О результатах внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности ГУ «Аппарат акима Курчумского района Восточно-Казахстанской области»
Дата публикации
21 ноября 2023