Күршім ауданы Маралды ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Күршім ауданы Маралды ауылдық округінің әкімінің сайлауы 2023 жылдың 3 желтоқсанға тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 3 желтоқсанға тағайындалған Күршім ауданының Маралды ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Күршім аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Рауан-Заря» газетінде жариялансын.
Күршім аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А.Абилмажинов
Күршімаудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Ж.Донбаева