Күршім ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы                                   2-10- тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Күршім ауданы мәслихатының 2023 жылғы 3 шілдедегі № 5/11-VIII «Күршім ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183969 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. 2023 жылға туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу - құнының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіш туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынады.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы                                                            К.Бахтияров

 

 

Дата публикации
05 октября 2023