2023 жылдың 3 қыркүйек күні Қалғұты ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Күршім аудандық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес анықтады:
Қалғұты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 524 азамат енгізілді, оның ішінде 392 дауыс беруге қатысты.
Қалғұты ауылдық округінің әкімі болып Мухтарханов Елжан Бокембаевич сайланды, 1977 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған.
Күршім аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 4 қыркүйектегі шешімімен Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мухтарханов Елжан Бокембаевич тіркеді.
Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы