Марқакөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша

2023 жылдың 3 қыркүйек күні Марқакөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Күршім аудандық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес анықтады:

Марқакөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Күршім ауданы Марқакөл  ауылдық округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 2520 азамат енгізілді, оның ішінде  1905 дауыс беруге қатысты.

Марқакөл ауылдық округінің әкімі болып Кемешев Рустембек Набиолдинович сайланды, 1976 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Марқакөл ауылында тұрады, «AMANAT» саяси партиясымен ұсынылған.

Күршім аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  45-бабына сәйкес 2023 жылғы 4 қыркүйектегі шешімімен Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округінің әкімі болып сайланған Кемешев Рустембек Набиолдиновичті тіркеді.

       Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

                                                                                                                                                           

Марқакөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша
Дата публикации
04 сентября 2023