Күршім ауданының әкімішілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу туралы

Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31-баптарына және Күршім ауданы халқының пікірлерін ескере отырып, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына және Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігіне ұсыныстар енгізу:

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданын бөлу жолымен әкімшілік-аумақтық бірліктер құрылсын:

1) Күршім ауданы әкімшілік орталығы Күршім ауылында, Күршім, Алғабас, Топтерек, Бурабай, Қойтас,  Теректыбұлақ, Ақсуат, Жолнұсқау, Аманат, Қаратоғай, Ақши, Егіндыбұлақ, Құйған, Қайыңды, Қайнар, Маралды, Қыстау-Күршім, Үшбұлақ, Сарыөлең, Барақ-батыр, Бірлік елді мекендерінің шекараларында, жалпы көлемі 1217,0 мың гектар, ауданды Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізумен;

2) Марқакөл ауданы әкімшілік орталығы Марқакөл ауылында, Марқакөл, Қарашілік, Ақжайлау, Былғарытабыты, Қарой, Қайнарлы, Ақбұлақ, Күнгей-Бөкенбай, Теріскей-Бөкенбай, Боран, Жиделі, Жаңаауыл, Игілік, Қазақстан, Қалжыр, Оң Жақ – Қалжыр, Тақыр, Шеңгелді, Төсқайың, Шанағаты, Бұғымүйіз, Ұрынхайка, Балықтыбұлақ елді мекендерінің шекараларында, жалпы көлемі 1102,9 мың гектар, ауданды Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізумен.

  1. Осы бірлесіп жасаған мәслихат шешімі және әкімдік қаулысы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Күршім аудандық                                                    Күршім ауданының

мәслихат төрағасы                                                  әкімі      А.Акышов                   К.Бахтияров                                                              

 

 

 

Дата публикации
17 августа 2023