ШҚО Күршім ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

ШҚО Күршім ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі

 қызметі туралы есебі

 

Ақбұлақ  ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалаудағы қоғамдық бақылаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік органдар жұмыстарының кері байланысын қамтамасыз ету. Бұл құрал сол немесе басқа да қызметтердің мақсаттылығы мен қажеттілігін және де оларды көрсету әдістерінің тиімділігін  анықтауға септігін тигізеді. Тек қана қоғамдық бақылау арқылы мемлекет қоғам және нәтиже үшін жұмыс жасай алатын болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды мәселелердің бірі - халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы хабардарлығын және құқықтық сауаттылығын арттыру, заң бұзылушылықтарын ескерту және сыбайлас жемқорлықтар көріністері мен іс-қимылдарын жою.

2022 жылы барлығы 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды форматта – 5, бұл 100% құрайды:

Көрсетілген қызметтерді талдау кезінде аудан тұрғындарының 4 қызмет түрінің ішінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді. Аталған қызмет түрі- 5.

        Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы мәліметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Электрондық қызметтер орталығы» интернет-порталы жұмыс істейді (http://e-vko.gov.kz).

Қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының мекенжайлары» бөлімі қосылды, олардың орналасқан жерінің географиялық деректері көрсетілді. «Электрондық үкіметтің» веб-порталына сілтеме бойынша өту функционалы іске асырылды, оның көмегімен электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. IOS және Android платформаларында Мобильді нұсқа жұмыс істейді. Өтініштерді беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық түрде іске асырылады.

Ақбұлақ ауылдық округі әкімдігі «Электрондық үкімет» порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтерді алуды танымал ету бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын,  БАҚ-та жариялау, брошюралар тарату, және т.б.). 2022 жылы 2 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, 77 адам қамтылды.

Округ бойынша 1 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. Электрондық қызмет 161 астам көрсетілді. Консультант «электрондық үкімет» порталының сервистері, mgov мобильді қосымшалары, @EgovKzBot2.0 Telegram-бот арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу және онлайн режимінде ЭЦҚ ресімдеу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру үшін digitalkz.kz порталы арқылы 30-ден  астам адам онлайн курстардан өтті.

ШҚО Күршім ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Дата публикации
12 мая 2023