Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округіне қарасты «Кормоцех» телімінде орналасқан «Әділ» шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы

Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округіне қарасты «Кормоцех» телімінде орналасқан «Әділ» шаруа қожалығына шектеу  іс шараларын белгілеу туралы

  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының    10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 488 ұсынысы негізінде,  Қалғұты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округіне қарасты «Кормоцех» телімінде орналасқан «Әділ» шаруа қожалығында ірі қара мүйізді малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, ірі қара малдарына ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2.Осы шешімнің орындалуын бақылау жүргізу Күршім ауданы «Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы іс-басқарушысы Д.Ж.Абиеваға жүктелсін.

 

Қалғұты ауылдық округінің әкімі                                      Е.Мұхтарханов     

 

Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Адил» расположенного на участке «Кормоцех» Калгутинского сельского округа Курчумского района
Дата публикации
03 мая 2023