Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынқтыру және спорт бөлімінде 2022 жылы көрсетлетін мемлекеттік қызмет көрсетуі бойынша ақпарат

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынқтыру  және спорт бөлімінде

2022 жылы көрсетлетін мемлекеттік қызмет көрсетуі бойынша ақпарат

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қажеттілігі жыл сайын артып келеді.

Мемлекеттік органға қызмет алуға барған әрбір азамат оны көрсету стандартымен танысуы қажет. Онда қызмет алушыға арналған барлық ақпараттар көрсетілген: қызметті көрсету тәртібі, мерзімі, нысаны, нәтижесі, мемлекеттік қызмет көрсетудің төлем ақысы, оны төлеу әдістері, қызмет берушінің жұмыс регламенті, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізілімі, шағымдану тәртібі және т.б.

Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін стендтер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде орнатылған, ресми сайттарында қажетті мәліметтер берілген.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімінде «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы,1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттары беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші кезекте қызмет алушы Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жазады. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алуға көрсетілетін  қызметті алушы өтініш берген сәттен бастап  мемлекеттік қызмет  нәтижесін беру сәтіне дейінгі  мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

  • ХҚО орталығы қызмет алушының құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
  • Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметтерінің  құжаттарды  тіркеуі, көрсетілетін  қызметті берушінің басшылығына қарауға жіберу– 1 (бір) күнтізбелік күн;

3)  Қарастыру және  орындаушыны анықтау-3 (үш) күнтізбелік күн;

  • Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді және спорттық разрядтар мен біліктілік санаттар беру жөніндегі жергілікті атқарушы органның комиссиясына (бұдан әрі - комиссия) қарауға береді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) күнтізбелік күн;
  • Комиссия түскен құжаттарды қарайды және спорттық разрядтар мен біліктілік санаттар беру туралы шешім шығарады. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) күнтізбелік күн;
  • Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы комиссия отырысынан кейін спорттық разрядтар мен біліктілік санаттар беру туралы бұйрықтарды, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттар беру туралы куәліктерді дайындайды, қол қояды, кеңсеге береді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) күнтізбелік күн;
  • Көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бұйрыққа қол қою-3(үш)  күнтізбелік күн.

Мемлекеттік қызметті беруші орындаушысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін  ХҚО-ға жіберу – күнтізбелік  (15) күн.

ХҚО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО жолдайды.

2022 жылы 10 мемлекеттік қызмет тіркеліп, 7 оқушы  «2 –разрядтты спортшы» санатын алса, 3 – «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушыны» алды.

 

 

Информация об оказании государственных услуг 2022 года отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта
Дата публикации
29 апреля 2023