Күршім ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға
бөлу жобаларын (схемаларын), бағалау аймақтарының
шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының
базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабының 2 тармағына, 11 бабының 1 тармағына. Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Күршім ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Күршім ауданының ауылдық округтерінің елді мекендерінің жерлерін бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері, осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.