«Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы» Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 13 ҚАУЛЫСЫ

«Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы»

Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№ 13 ҚАУЛЫСЫ

 

2022 жылғы 28 желтоқсан                                                        Күршім ауылы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Күршім аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №12 «Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
  2. Күршім аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Күршім аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Рауан-Заря» газетінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 Күршім аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

төрағасының орынбасары                                                           Р.Тлеубаева

 

Күршім аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         Ж.Донбаева

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ № 13 Курчумской районной территориальной избирательной комиссии «Об образовании окружных избирательных комиссий по одномандатным территориальным избирательным округам по выборам депутатов Курчумского районного маслихата»
Дата публикации
28 декабря 2022