Абай ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға
арналған жоспарын бекіту туралы
Күршім ауданық мәслихаты ШЕШТІ:
Сессия төрағасы
Күршім аудандық мәслихатының хатшысы
|
Күршім аудандық мәслихатының |
Абай ауылдық округінің 2023 – 2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Абай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі –Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайлымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ұйымдастыру үшін:
1) жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бөлінісінде Абай ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (2-қосымша);
3) жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушыларының су көздеріне қол жеткізу схемасы(4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы (5-қосымша);
6) жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы (6-қосымша);
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте (7-қосымша) жасалды.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық тексерудің жай-күйі туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтерді, ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректерді, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды,жеке және
(немесе) заңды тұлғаларды көрсетумен, малдардың түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректерді, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының басын қалыптастыру туралы мәліметтерді, мәдени және аридті жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктерін, мал айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтерді және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректерді ескере отырып қабылданды.
Ауылдық округ аумағы құрғақ, даласы бетеге-селеулі белдем тармағына жатады.
Дала өсімдігі басым болуы анықталды, оның негізгі түрлері: жусан, сораң, жантақ, еркек, шағыр түрлі шөптерінің қатысуымен әр түрлі жусанның түрлері.
Ауылдық округ аумағында гидрографиялық торап нашар дамыған. Жайылымды суландыру табиғи төмендеуінен қамтамасыз етіледі – көлдерден. Судың сапасы әлсіз тұздылау, малдарды суару үшін жарамды.
Жайылымдар жемдерінің қоры ұзақтығы 170-180 күн болатын жайылым кезеңінде пайдаланылады.
Табиғи ауа-райының жағдайлары бойынша Абай ауылдық округінің күрт құбылмалы ауа-райымен құрғақ далалық аймаққа жатады, олар үшін тән қасиет: көктем-жазғы мезгілінің құрғақшылы, жазғы жоғары және қысқы төмен ауа температурасы, жыл мезгілі бойынша жеткіліксіз және тұрақсыз атмосфералық жауын-шашын және бір жыл ішінде едәуір желдің жігерлігі.
Ауылдық округтің жалпы жерқоры 95719 гектар (бұдан әрі – га). Соның ішінде жайылымдар – 32 434 га.
Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 11037 га;
елдi мекендердiң жерлерi – 13321 га;
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерлер –85 га.
Жайылымдар ауданның табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты табиғи жайылымдарға жатады және көбінесе малды бағу үшін пайдаланылады. Ауылдық округ аумағында екпе және аридтік жайылымдар жоқ.
Жайылымдарды негізгі пайдаланушылар Абай ауылдық округіндегі 3 елді-мекен Бурабай, Қойтас, Теректібұлақ ауылы тұрғындары болып табылады.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданды.
Ауылдық округ аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны: мүйізді ірі қара- 3791 бас, ұсақ мал- 8234 бас, жылқы- 1202 бас тіркелген. (№ 1 кесте)
№ 1 кесте
|
№ |
Елді-мекен атауы |
халық |
Ауылдық округ |
Барлығы: |
||||||
|
ІҚМ |
ҰҚМ |
Жылқылар |
ІҚМ |
ҰҚМ |
Жылқылар |
|||||
|
барлығы |
оның ішінде сауылатындар |
барлығы |
оның ішінде сауылатындар |
|||||||
|
1 |
Бурабай |
1169 |
761 |
3227 |
322 |
Абай |
3791 |
2591 |
8234 |
1202 |
|
2 |
Қойтас |
1279 |
979 |
1851 |
495 |
|||||
|
3 |
Теректібұлақ |
1343 |
851 |
3156 |
385 |
|||||
Округте ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1 – ветеринарлық пункт, 3 – мал қорымы ұйымдастырылған.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Абай ауылдық округі бойынша 32434гектар жайылым жерлер бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, Абай ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің 32434 гектар бар жайылымдық алқаптарында қажеттілігі 19433 гектар құрайды (№2 кесте).
№ 2 кесте
|
№ |
Ауылдық округі |
Жайылым алаңы, (га) |
Сауын сиырлардың бар болуы (бас) |
Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас, (га) |
Жайылымдардың қажеттілігі, (га) |
Жетіспеушілігі, (га) |
|
1 |
Абай |
32434 |
2591 |
7,5 |
19433 |
13001 |
Абай ауылдық округінің жергілікті тұрғындарының малын жаю үшін 32 434 гектар берілді.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша 19168 гектар көлемінде жайылымдық алқап қажеттілігі бар, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы – 7,5 га/бас, ұсақ мал - 1,5 га/бас, жылқы-9 га/бас (№3 кесте).
№ 3кесте
|
№ |
Ауылдық округі |
халық |
Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас., (га) |
Жайылымдардың қажеттілігі, (га) |
Мал жаю үшін берілді |
Жетіспеушілігі, (га) |
||||||||
|
ІҚМ |
ҰҚМ |
Жылқылар |
||||||||||||
|
ІҚМ |
ҰҚМ |
Жылқылар |
ІҚМ |
ҰҚМ |
Жылқылар |
Барлығы (га) |
||||||||
|
1 |
Абай |
3791 |
8234 |
1202 |
7,5 |
1,5 |
9 |
28433 |
12351 |
10818 |
51602 |
32434 |
19168 |
|
19168 гектар мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қалыптасқан қажеттілігін 05-072-019 есептік кварталының шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажет.
Абай ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу
схемасы (картасы)
Жайылым айналымының қолайлы схемалары
|
Жылдар |
Учаскелер |
||
|
1 |
2 |
3 |
|
|
1 |
бағу |
бағу |
демалыс |
|
2 |
бағу |
демалыс |
бағу |
Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта
Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы
Жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте
|
№ |
Округ атауы |
Жайылымға малдардын шығарылу мерзімі |
Жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі |
|
1 |
Абай ауылдық округі |
Маусым 1 жартысы |
Қыркүйек 2 онкүндігі |