Күршім ауданы әкімі аппаратының кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Күршім ауданы әкімінің

2018 жылғы «26» 02

№ 258 өкімімен бекітілді

 

Күршім ауданы әкімі аппаратының

кеңсе, ақпараттық технологиялар және

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына

ішкі бақылау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

1. Күршім аданы әкімі аппаратының кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, аудан әкімінің, әкімдігінің, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлім құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аудан әкімімен бекітіледі.

4. Кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімі:

1) бөлім басшысынан;

2) бөлімнің 3 бас маманынан тұрады.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

5. Міндеті:

1) Аппараттың құжаттамалық қызметін қамтамасыз етеді, құжаттар жұмысының тәртібін анықтайды және олардың сапасына жауап береді, іс қағаздарын жетілдіруін қамтамасыз етеді, аппараттағы құжатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

2) Ақпараттандыру және «электронды үкімет» саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

3) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау және мониторингілеу.

6. Функциялары:

1) Әкім аппаратының іс қағаздарын жүргізуге жауап береді;

2) Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді уақытында тіркеп, орындалуын қадағалайды. Әкімнің жеке және заңды тұлғаларды жеке

қабылдауы кезінде қатысып, арыз-шағымдардың орындалуы туралы тапсырмаларды тиісті лауазымды тұлғаларға уақытында жеткізіп, орындалуын қадағалайды;

3) Аудандық мұрағатпен келісіп, аппараттың істер номенклатурасын бекітеді. Бөлімнің құжаттарын, мұрағаттық құжаттарды уақытша сақтау және оларды мемлекеттік мұрағатқа өткізеді;

4) Қызмет бабында пайдаланатын құжаттармен іс жүргізеді;

5) Ауылдық округтер іс басқарушыларымен семинар сабақ өткізеді, оларға іс жүргізу жүйесі бойынша кеңес береді, іс қағаздарының дұрыс жүргізілуін қадағалайды;

6) Барлық іс қағаздарының толтырылуы тұрпатты Ережеге сай болуын қадағалайды, Аудан әкімі аппаратынан шыққан іс қағаздарының тиісті орындарға және адресаттарына уақытында жеткізілуіне жауап береді;

7) Елтаңбалы бланктердің жұмсалуына, сақталуына, әкімшілік мөрінің, мөртабанының, басқа да штамптардың, номенклатура бойынша құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің сақталуына жауап береді;

8) Нормативтік құқықтық актілерді бекітіп, қол қойдыруға әкімге кіргізеді. Оларды тіркеп, мөрмен бекітеді;

9) Аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының, аппарат қызметкерлерінің іссапарға шығуына бұйрық дайындайды;

10) Ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуді, құрылымдық АТ құруды, мемлекеттік мекемелер арасында локалды желі құрылуын, электрондық құжат айналымы жүйесінің енгізілуін қадағалайды;

11) «Lotus notes» бағдарламасының жүргізілуін, аудандық «Электрондық әкімдік құру» бағдарламасының орындалуын қадағалайды;

12) Күршім ауданы әкімінің ресми сайтын және блогын әкімгерлеу және дамыту. Аудан әкімінің веб-сайтына енгізілген материалдардың толық көлемде, талапқа сай болуын қадағалайды;

13) Аудио-бейне конференциялардың өтуін қамтамасыз етеді;

14) Аудан әкімі аппаратында компьютерлік техникаларды, жабдықтарын сатып алуда көмек көрсету, олардың жұмыс істеуін бақылайды;

15) Аудан әкімінің аппаратында және дербес құрылымдық бөлімшелерде ИСО 9001:2000 Халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу жұмыстарын бақылайды;

16) Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының, регламенттерінің, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптарының сақталуын қадағалайды. ҚР заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді және ұйымдастырады. Ай сайын мемлекеттік қызметтер бойынша есеп береді;

17) Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалаудың «Мемлекеттік қызмет көрсету», «Ақпараттық технологияларды қолдану» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» бағыттары бойынша жұмыстарды үйлестіреді.

18) Күршім ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері қызметін автоматтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

19) Ауданның жергілікті атқарушы органдарының Бірыңғай көлік ортасын құрады;

20) Ауданның жергілікті атқарушы органдарының Бірыңғай Электронды Құжатайналымы жүйесін енгізеді және түсініктеме береді;

21) Ақпараттық қауіпсіздік саясатын енгізу, корпоративті жүйелер ақпаратының және оның қорларының сақталуын қамтамасыз етеді;

22) Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының іс-шараларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды.

7. Құқығы және міндеттері:

Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Бөлім өз құзыреті шегінде:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың құзырындағы кез-келген ақпараттық деректерді пайдалануға;

2) заңға және басқа да құқықтық актілерге сәйкес жергілікті мекемелер мен тұлғалардан жұмысқа қатысты ақпараттар алуға құқылы;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Бөлім қызметкерлері өздерінің қызметтерін жүзеге асыруда қолданыстағы заңнаманың талаптарын және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға міндетті.

Заңнамаға және Бөлімнің ережесіне сәйкес келмейтін міндеттерді бөлімнің қызметкерлеріне жүктеуге тыйым салынады.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

8. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

9. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, аппарат басшысының ұсынысы бойынша аудан әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын бөлімнің басшысы басқарады.

10. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

11. Бөлім басшысы аппарат басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі жөнінде ұсыныстар жасайды.

12. Бөлім басшысы осы мақсатта:

1) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын бас маман қол қояды.

Аппарат басшысы                                                      А.Абилмажинов

ЕРЕЖЕ
Дата публикации
06 января 2020