2019 жылы Күршім ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен 254 өтініш түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан 215, заңды тұлғалардан 39 өтініш түсті.
Өтініштер тақырыбы 2019 жылы аса өзгерген жоқ: өткен жылдардағыдай өзекті мәселелер жер пайдалану (68, немесе жалпы санының 27 %), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (48, немесе 19 %), еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнеткерлік қамтамасыз ету (33, немесе 13%), ауыл шаруашылығы (23, немесе 9 %) және басқаларына қатысты.
2019 жылы аудан әкімі аппаратының басшылығымен 40 қабылдау жүргізіліп, 74 адам қабылданған.
Күршім ауданы әкімі аппаратымен өтініштерді орындау барысын бақылау күшейтілген. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасын жақсарту, олардың санын азайту мақсатында ауданның дербес бөлімдері, сондай-ақ ауылдық округ әкімдіктері қызметкерлеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп тұрады.