Күршім аудандық мәслихатының
2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/3-VII
«2022-2024 жылдарға арналған
Күршім ауданының бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 4555161,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 1939623,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 6474,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 4000,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 2605064,3 мың теңге;
2) шығындар - 5826403,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 149497,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 149497,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 34634,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - - 75999,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 75999,0 мың теңге:
қарыздардың түсімі - 114863,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 34634,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0,0 мың теңге.».
Күршім аудандық
мәслихат хатшысы М. Қалелов