Аудандық әкімдігінің үлкен залында 2022 жылғы 26 мамырда «Республикалық референдум: құқықтық негіздері, референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Тренингті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының тренерлері оқытудың белсенді түрлерін, кейс-технологияларды және іскерлік ойындарды пайдалана отырып өткізді. Семинарға референдум өткізу жөніндегі учаскелік комиссиялары төрағаларының орынбасарлары қатысты.