Мемлекеттік қызметтерді Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қазандағы № 39/НҚ бұйрығы, 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ редакциясында) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 27 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, бұл тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 15,3%-ын құрайды (176).