Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында адамның барлық өмір тіршілігі кезеңдерін және барлық салаларды қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға ерекше көңіл аударады.
Біздің елімізде және шетелде мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызметпен тығыз байланыста. Бұл кездейсоқ емес, себебі мемлекет қызметті мемлекеттік органдар, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалар арқылы көрсетеді. Қоғамдық бақылауды жүргізу қоғаммен бірге мемлекеттік билікке де пайдалы. Расымен де, бұл жұмыс мемлекетті жауапты болуға, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге, адамның құқығы мен бостандығын қорғауға және сыйлауға, жалпы айтқанда ортақ игілігінің тиімділігіне әрекет етуге міндеттейді.