2021 жылғы 18 қазанда сағ.10.00-де Маралды ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ұйымдастыру сұрақтары бойынша Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста Маралды ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу үшін Өскемен қаласына бюллетеньдерді әкелуге комиссия мүшелерін іс-сапарға жіберу туралы сұрақ қаралды.
Комиссия мүшелерінің 19 қазан күні іс-сапарға жіберу, жанар-жағар май комиссия есебінен бөлу туралы шешім қабылданды.