«2021-2023 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы»
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/24-VІI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 44/495-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8690 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: