ЖОБА
Күршім аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 50/5-VI «Күршім ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«Күршім ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға аудандық атқарушы органдары Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап осы Кодекстің 503-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жиырма есеге ұлғайтылады.».
Сессия төрағасы
Күршім аудандық
мәслихаттың хатшысы